Премьера!!! В.Красногоров "Меңдуана махаббат"
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32
Previous Next

Премьера!!! В.Красногоров "Меңдуана махаббат"

22 - 23 ақпан күні, театрымызда В.Красногоровтың "Любовь до потери памяти" атты шығармасының желісі бойынша, Асқар Наймантаевтың аудармасымен "Меңдуана махаббат" атты спектаклінің премьерасы өтті.
______________
? Қойылым жайында:
"Мезгілсіз махаббат", "мазасыз махаббат"- дегендерді естіп, көріп жүрміз. Тіпті "Ескірмеген махаббат"- деп, ән шырқап, "Ымырттағы махаббат"-деген драманы көріп, егілеміз. Ал енді есте сақтау қабылетінен айырып,  ес-түссіз қалдырып, өзін алдаған адамға өлердей ғашық болған жанды не дейміз? "Меңдуана махаббат" атты есі ауысқан комедияны көрсеңіз дәл осындай адам сенбес оқиғаға куә боласыз. Біздің комедия сүйе білетін, сүйіктісі үшін күйе білетін жаны таза, сезімі пәк, жүрегі ақ жандарға арналады.
_____________
? Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Асқар Наймантаев 
? Хореография және пантомима қимылын қоюшы: Ернар Бейсенбек 
_______________
? Рөлдерде:
ДӘРІГЕР - Асылхан Разиев, Аманкелді Тулегенов
МЕЙРАМБЕК - Айбол Қасым
МӘРЗИЯ - Жанар Насырова, Айсұлу Құрмашева 
ЖҰМАЗИЯ - Құртқа Мусина, Балдырған Мағзұр
БАНКИР - Дәурен Тойбазаров, Нұрбол Асқаров