Келбет
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32
Previous Next

Келбет

Жуырда С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітап соңғы уақыттағы классик жазушымыз, драматург, ақын Сәбит Мұқановтың адресіне айтылып жүрген жалған ақпараттарға тоқтау қоярлық зерттеу, еңбек болып табылады. Даңқты тұлғамыздың шығармашылығы мен өміріне негізделіп жазылған "Келбет" кітабының авторы әдебиет сыншысы, публицист, профессор - Құлбек Ергөбек.
Қазақстан жазушылар одағының мұрындық болуымен жарық көрген кітапты Нұр-Сұлтан қалалық жазушылар одағы филиалының директоры, ақын, Алаш әдеби сыйлығының иегері - Дәулеткерей Кәпұлы өңірімізге келіп таныстырып, тұсаукесер рәсімін жасады.
Аталмыш шараға С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі - Нұрислам Әбділ қатысып драматург, жазушы, ақын - Сәбит Мұқанов туралы арнау айтып кештің өтуіне ат салысты.
Барша театрсүйер қауымды, кітапсүйер оқырманды, барлық әдебиет жанашырларын биылғы келіп жеткен Сәбит Мұқановтың 120 жылдығымен құттықтаймыз.