Біз сіздермен біргеміз!!!
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Біз сіздермен біргеміз!!!

Құрметті өнерсүйер қауым!
Корновирус Covid 19 індетінің әлем деңгейінде таралуына байланысты республикамыз бойынша Төтенше жағдай жарияланғанын білесіздер. Осындай қиын-қыстау кезеңде Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театрының актерлері сәуір айы бойы Сіздермен шығармашылық қарым-қатынасты үзбеу, көңіл күйлеріңізді көтеру мақсатында әлеуметтік желілер арқылы ән-күй, поэзиялық өлең-жыр, драмалық шығармалардан монологтар орындау арқылы сәлемдемелерін жолдап отырды.
Бүгінгі таңда, театрымыз қалыпты жағдайға келіп, өз репетицияларын қайтадан бастады. Бізден алыстамаңыздар! Біз Сіздермен біргеміз!!!