Театр әдебі

Құрметті көрермен!
Театр – рухани байлықтың қайнар көзі болғандықтан, театр өнерін тамашалау әдептілік сақтауды талап етеді.
• Театр әкімшілігі мәдени орынға кешікпей келуіңізді сұрайды;
• Үшінші қоңырау соғылғаннан кейін кешіккен көрермендер залға кіргізілмейді;
• Театрға келушілердің киім үлгісі сәнді әрі жарасымды болғаны дұрыс. Шаш үлгісі жаныңызда, ту сыртыңызда отырған көрермендерге қойылымды көруге кедергі келтірмейтіндей болғаны жөн;
• Көрермен залына сырт киіммен кіруге және онда бас киіммен отыруға болмайды;
• Іс-шара кезінде «Авторлық құқық туралы» заң талаптарына байланысты әкімшіліктің рұқсатынсыз аудио-видео жазылымдарын жасауға, суретке түсіруге тыйым салынады;
• Ұялы телефондардың қойылым басталмай тұрып өшірілуі немесе дыбыссыз қалыпқа келтірілуі керек;
• Жеті жасқа дейінгі балаларды концертте (іс-шарада) ата-анасы қатаң бақылауына алып, тәртіп сақтауын қадағалауы тиіс (әкімшілік тарапынан айтылған бір ескертуден кейін залдан шығарылады). Жеті жастан асқан балаларға толық билет құны алынады;
• Ішімдік ішкен азаматтардың театрға кіруіне болмайды (билеті болған жағдайда да);
• Театр ғимаратында шылым тартуға және залға тағам мен сусын түрлерін алып кіруге болмайды;
• Театрға келтірілген әрбір материалдық шығын кінәлі тұлғалардан бекітілген заң аясында өндіріліп алынады;
• Көрермендер театр ғимараты мүлігіне зиян келтірмеуі және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек;
• Билетте көрсетілген орын бос болмаған жағдайда қасыңыздағы бос орынға отырыңыз немесе билет тексерушіден көмек сұраңыз;
• Спектакль аяқталып, сахна шымылдығы жабылғаннан кейін сахнагерлердің көрерменге тағзым жасауға шығатын сәтін күту қажет (гүл шоқтары осы кезде ұсынылады);
• Көрермен залынан тек үзіліс кезінде және концерт аяқталған соң ғана шығу керектігін естеріңізге саламыз!