Сүйінші жаңалық!

Театрымыздың "Sensitive" мимикалық би тобы 10 сәуір Қарағанды қаласында өткен "Евразия чемпионаты 2021" халықаралық би фестиваліне қатысып төрт аталым бойынша да 1 орын жеңіп алды.
1. "All stail" барлық би стильдері аталымы бойынша 1 орын.
2. Дуэт аталымында тамаша өнер көрсеткені үшін Кангожин Даниял,Новикова Милена 1-орын.
3. Европалық үлгідегі аталымына орай "Танго" биімен жүлделі 1-орын.
4. Латын Американдық үлгідегі бағдарламаға орай "Самба" биімен 1-орынға ие болды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табысталды.
Есту қабілеттерінің болмауына қарамастан еліміздің мәдени, рухани өміріне белсене араласып келе жатқан әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрымыздың атын аспандатып, өз труппаларының кәсібилігін дәлелдей білген барша "Sensitive" би тобының қыз-жігіттеріне құтты болсын айтамыз. Еңбектеріңіз жана берсін. Жүлделеріңіз құтты болсын!