Бір, екі, үш

"Бір, екі, үш..."
(әлеуметтік драма)
Авторы: О. Жанайдаров
Қоюшы режиссер: Баатырбек Шамбетов «Мәдениет қайраткері»
Суретшісі: С. Ниязакунов

Туған жерден жырақта жүріп, үлкен қаланың уақытша «құндылықтарына» еру арқылы, адами құндылық, шынайы сезім дегеннен жұрдай болып бара жатқан қос ағайындының өмірі жайлы драма. Мұғалім Жолан мен құрылысшы Қайрат бірбөлмелі пәтерде тұрады. Бір әке, бір анадан туған бауырлар демесеңіз, бір-біріне мүлдем жат. Қазақстанда жалғыз қалған ата-аналарының аяқ асты көз жұмуымен, қалтада қажетті қаражаттың жоқтығы жағдайды одан әрі ушықтырады.Ұрыстың тағы бір себебі - аға мен інінің арасына түскен жеңіл жүрісті Таня. Тағдыр тәлкегі атамекеннен алыста жүрген қос ұлға тағы қандай сынақ дайындады... Ақшаға құнығып, шалыс басқан ағайындылар бір-бірін кешіре ала ма?
2014 жылы маусым айында Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласында өткен "Коляда- Plays" фестиваліне қатысып, отыз спектакльдің ішінен фестивальдың үздік он қойылымдар ішіне енді.