Ұлы жеңіске - 75 жыл
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Ұлы жеңіске - 75 жыл

Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген Ағаларымызбен Бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан Аналарымызды да мақтан тұтамыз.

Әлемде және еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көптеген іс-шаралар тоқтатылды, дегенмен 9-мамыр "Жеңіс күні" орны ерекше мереке. Бұл жарқын күні біз, бейбіт күн мен тыныштық сыйлаған
қаһармандардың құрметіне басымызды иіп, соғыс және еңбек майдандарында өз үлесін қосқан барлық ардагерлерге алғыс айтамыз!
Осыған орай, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театры алдағы аптасын "Ұлы жеңістің 75 жылдығына" арнайды. Театрымыздың актерлері монологтар мен хаттардан үзінді тарту ететін болады.
Бізбен бірге болыңыздар!