"Өнерді ұлықтаудан шаршамаған" атты облыстық өнер фестивалі
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32
Previous Next

"Өнерді ұлықтаудан шаршамаған" атты облыстық өнер фестивалі

27 ақпан күні, өнер ордамызда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және мәдениет қайраткері, жерлесіміз Қасымов Қуандық Ишанғалиұлының туғанына  70 жыл толуына орай «Өнерді ұлықтаудан шаршамаған» атты облыстық өнер фестивалі ұйымдастырылды. Тамаша тәлімгер, тәжірибелі басшы, өнер жанашыры, сал серілердің дәстүрін ұстанған Қуандық ағамызды еске алуға арналған кешке дос-жарандары, туысқандары, оның өнерін бағалайтын жандар, әртістер мен әріптестері жиналды.
Шара барысында, Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлы фестивальдің ашылуында сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
__________________
Қуандық Ишанғалиұлы 1950 жылы Жамбыл ауданы Баян ауылында дүниеге келген. Жастайынан мектеп, ауыл, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласқан.  Еңбек жолын 1967 жылы  сол кездегі Сергеев аудандық Мәдениет үйінен бастайды. 2006-2014 жылдары С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрында басшылық етеді. Кеш барысында жиналғандар жерлесімізді еске алып,естеліктерімен бөлісті.
 
Ата бабадан қонған асыл қасиетті, киелі өнерді қастерлей ұстап дәріптеу нағыз өнер иесінің ісі. Қуандық ағамыздың мұрындық болуымен қазақ жастарынан құрылған «Ақ бидай» эстрадалық ансамблі дүниеге келеді. Ұжым талай жарыстарда көш бастап, халықтың ықыласына бөленеді. Айтулы кеш барысында Қуандық ағамыздың өнер жолы жайлы фильм көрсетіліп, тұлғаның өмірінен сыр шертер көрме ұйымдастырылды. Өнердің әр саласының дамуына үлес қосып, өзінен кейінгілерге үйретуді мақсат еткен асыл азаматтың әріптестері сахна төрінен әуелете ән салды.