Қазақ өнерінің қара шаңырағында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Қазақ өнерінің қара шаңырағында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті

2018 жылдың 16-желтоқсанында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік бабалардың арманы" атты мерекелік концерт өтті.
Еліміздің барлық қиындықтарды жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілуінің дәлелі сол - мәз-мейрам болып, Ұлы күнді жыл сайын тәуелсіз, тыныш, кең байтақ жерімізде атап өтеміз.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні театр ұжымы да көрермендерін мерекемен құттықтап, керемет сазды кеш ұсынды.
Театр әртістері, би ансамблі, дирижер Марат Жакуповтың жетекшілік етуімен кіші симфониялық оркестр зал лық толы жиналған қауымға өнер көрсетті. Өнерпаздар ұлттық рухты көтеретін, патриоттық сарындағы әндер шырқап, мың бұрала би билеп, күмбірлеткен күйлерінен сусындатты.
Осылайша сахна төрінде өнер көрсеткен шығармашылық ұжым бейбіт өмір сыйлаған батырларға алғысын жеткізгендей.