Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бүгінгі таңда Қазақстандағы күрделі әрі маңызды мәселелердің бірі.
6-желтоқсан күні С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында "Ісіңе адал бол" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында отырыс өтіп, театр қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында театр қызметкерлеріне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңында көрсетілген ережелер мен қағидаттар жөнінде, жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы ақпарат берілді.
Бұл орайда желтоқсанның 12-сі театрымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында А.Н.Осторвскийдің "Пайдалы орын" атты қойылымы көрерменге жол тартпақ. Спектакльге дайындық өте қызу жүріп жатыр.