Концерт президент күні
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Концерт президент күні

Тұңғыш Президент күнін ұлықтауға арналған мәдени кеш өтті
Желтоқсанның 2-сі күні С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елбасы - Ел тірегі" атты мерекелік концерт өтті.
Сазды кешке театр ұжымы белсене қатысып, театр әртістері, дирижер Марат Жакуповтың жетекшілік етуімен кіші симфониялық оркестр сахнада өнер көрсетті.
Концерттік бағдарламаның мәні мен сәнін келтірген әуелеткен әндер, күмбірлеген күйлер мен әдемі билер - осының бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлап, шаттыққа бөледі. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» дегендей, қазағымыздың домбырасымен әсем әндерден де шашу шашылды.
Жаңа Қазақстанның тарихындағы ерен еңбегі үшін Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтап, Тұңғыш Президент күнін ұлықтауға арналған бұл мәдени кешке жиналған қауым сахнада өнер көрсеткен әртістерге ыстық ықылас пен жылы лебіздерін білдіріп, қошемет көрсетті.
Қарасы қалың халық өнер кешінен көтеріңкі көңіл-күймен тарады.