Мақала талдау
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Мақала талдау

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды
22-қараша күні С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылауға арналған отырыс өтті.
Театр директоры Біржан Жалғасбаевтың басшылығымен өткен жиынға әртістерден бастап техникалық мамандарға дейін түгелдей қатысып, сиясы кеппеген мақалада айтылған өзекті мә¬селелер жөнінде ойларын ортаға салды.
Жиынды ашқан Біржан Жалғасбаев: "Ұлттың жаңғыруы мен рухани дамуына себепші болатын мақалада айтылған ойлар ұлт санасын оятып, болашақта үлкен істерге жол ашады. Ал біздің мақсатымыз - сахна өнері арқылы ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраны дәріптеу. Сол себепті Елбасының даналы бастамасын қолдап, бірқатар жоспарлар жөнінде ақылдасайық", - деді өз сөзінде.
"Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі" мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл тұрғыда театр актерлері Асылхан Разиев пен Дәурен Тойбазаров ұсыныстарын білдірді.
Отырыс соңында театр ұжымы мақаладағы бола¬шақ¬қа бастайтын идеяларды қолдауға байланысты барлық ұсыныстарды топтастырып, жобаларды әзірлейтінін жеткізді.