Пресс-конференция өтті
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Пресс-конференция өтті

16-қараша күні Өскемен қаласында өткен Республикалық фестивальде "Шолпанның күнәсі" қойылымы бас жүлде ұтып алуына, Талдықорғандағы Халықаралық фестивальде "Қарагөз" қойылымы "Классиканың үздік заманауи интерпретациясы" номинациясымен, театр актрисалары Аида Супатаева мен Мадина Өсербаева номинациялармен марапатталуына орай театрымызда БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өтті.
Конференцияға театр директоры Біржан Жалғасбаев, режиссер Баатырбек Шамбетов, "Шолпанның күнәсі" және "Қарагөз" қойылымдарында рөлдерді сомдаған әртістер қатысты.
Аталмыш жиынның басты мақсаты - халықпен қуанышты хабарларымызды бөлісу.
Пресс-конференцияда жоғарыда аталған қойылымдардың сюжеті, режиссердің айтқысы келген ойы, кейіпкерлердің бейнесі, екі фестиваль барысы, дайындықтар, театрдың болашақтағы жоспарлары туралы сұрақтарға жауап берілді.
Іс-шара аяқталған соң, Өскемен қаласында қарашаның 10-ы мен 14-і аралығында өткен Рүстем Есдәулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалінде бас жүлдегер атанған "Шолпанның күнәсі" қойылымы сахналанды.
Жиналған өнерсүйер қауымның қарасы қалың болып, спектакль соңында көрермендер орындарынан тұрып, қошемет көрсетті.