Форум
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Форум

Форум аясында қонақтарды қазақ халқының мәдениетімен етене таныстырған қойылымдар
Петропавл қаласында үстіміздегі жылдың 8-9 қарашасында Қазақстан үшін маңызды шаралардың бірі – Қазақстан мен Ресей арасындағы XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізілген болатын.
Театрымыз да аталмыш форумға қатысып, шетелдік меймандарды қазақ халқының мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік алды. Форум аясында М.Әуезовтың «Қарагөзі» мен М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.
Жиналған қауымның қарасы қалың болып, аталмыш қойылымды тамашалау үшін форумға келген қонақтар мен басқа ұлт өкілдерінің келуі бізді ерекше қуантты. Бұл орайда оларға арнайы құлаққаптар табысталып, қойылым кезінде орыс тіліне синхронды аударма жүргізіліп отырды.
Спектакль соңында автордың айтпақ ойын актерлік шеберлік арқылы жеткізген театр актерлеріне халық орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті.
Жұртшылықтың жанарларын жуған мұң тамшылары қойылымдардың әсерлі де әдемі, сәтті өткенін тағы бір мәрте дәлелдегендей.