Солдат күнделігінен
KZ | RU
Касса
8 (7152) 41-15-51,
41-25-32

Солдат күнделігінен

«Солдат күнделігінен» музыкалық драмасы теріскейлік көрерменге жол тартты
25-қазан күні С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма-театры теріскейлік көрерменге кезекті премьерасын ұсынды.
Қазақ өнерінің қара шаңырағында көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» романының желісі бойынша «StarТDrama» театр лабораториясының Кемел Тоқаев атындағы қайырылымдық қоры мен С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры бірлесе отырып, жаңаша форма мен интерпретацияда «Солдат күнделігінен» атты музыкалық драмасын сахналады.
Камералық симфония оркестрінің сүйемелдеуімен сахналанған «Солдат күнделігінен» қойылымына актерлер бірнеше ай бойы өте тыңғылықты дайындалған болатын. Ұзақ уақыт бойы дайындалған актерлердің еңбегі ақталғаны, сахналық қойылым жиналған қауымның көңілінен шыққаны премьераны тамашалауға келген қарасы қалың көрермендердің орындарынан тік тұрып, сахнагерлерге қошемет көрсеткенінен байқалып-ақ тұрды.